«Lanzhou» мейрамханалар желісінің негізін қалаушысы павлодарлық іскер әйелдерге өз тәжірибесімен бөлісті

«Lanzhou» мейрамханалар желісінің негізін қалаушысы павлодарлық іскер әйелдерге өз тәжірибесімен бөлісті

Гүлбану Майгарина өңірлік іскер әйелдер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Достық үйінде «Ана алақаны» облыстық әйелдер форумы ұйымдастырылды. «Lanzhou» фаст-фуд мейрамханалар желісінің негізін қалаушысы аталмыш жиында «Әйелдерге арналған бизнестің заманауи шешімдері» тақырыбында ой өрбітті. 

– Павлодар – мен үшін ерекше қала. Себебі, менің өміріме байланысты көп нәрсе бар. 2018 жылы бизнеске келдім. Оған дейін бизнесте де, жалдауда да тәжірибесі жоқ үй шаруасындағы әйел болдым. Алты жыл ішінде 70 мейрамхана аштық, оның 62-сі бүгінде жұмыс істейді, – дейді кәсіпкер әйел.

Ол шет елге, әсіресе ТМД елдеріне көп барады. Оның айтуынша, Қазақстан – өте үлкен мүмкіндіктері бар бірегей ел. Егер көрші елдерді алсақ, бізде әлдеқайда оңайырақ. Шынында да, әйелдерге мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіледі. 

– Әйелдер бизнеске соншалықты белсенді барады. Сондай-ақ, барлығын тепе-теңдікте ұстауымыз керек: отбасы, әйел мен ана рөлі. Кәсіпкерлік – бұл еркіндік. Әйел адам өз уақытын өзі басқарады, – дейді «Lanzhou» фаст-фуд мейрамханалар желісінің негізін қалаушысы.

Спикердің сөзінше, дәл осы әйелдер бизнесінде – керемет құрал, тепе-теңдікті сақтай отырып, қажетті кесте құрауды, қанша ақша тапқысы келетінін, сыртқы әлемге қанша уақыт бөлетінін кәсіпкер әйел өзі шешеді. Мұнда өзін-өзі жүзеге асыруға арналған тамаша алаң бар. Бизнесті жүргізу ережелері – әрқашан бірдей. 

Оның ойынша, Шығыс әйелінде ішкі күш бар, ол эмпатиялы, басқаша сезінеді, көзқарасы да ерекше болады. 

– Бұл – әлсіздік емес, керісінше – күш. Біз екі қадам алға жылжу үшін артқа қадам жасай аламыз, ал ер адамдар тек алға қарай жүреді. Мен сізге осы құралдарды белсенді қолданатынымды айтамын, –  дейді ол.

Гүлбану Майгарина соңғы уақытта әйелдермен көп жұмыс істейді. Әйелдер бәсекелесетін уақыт та болды. 

– Бүгінде әйелді қолдайтын форумдар, алаңдар, қауымдастықтар құратын кез келді. Өйткені біз өміріміздің, барлық салалардың қыр-сырын білеміз және өз тәжірибемізбен бөлісеміз, отбасы зардап шекпеуі үшін тепе-теңдікте ұстаймыз. Қалай болғанда да, бұл жауапкершілік – бізде, – дейді спикер.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бизнес өте жас, небәрі 30 жастан асқан. Әйелдерге шынымен де білім жетіспейді.

– 2017, 2018 жылдары білім беретін арнайы алаңдар болған жоқ. Бұл жолдан өткен әрбір іскер әйел үлгі болғанын қалаймын. Осылайша, біз күшейеміз. Әйел несімен күшті? Әйел адамның ішінде не болса – әлемге соны сыйлайды. Өзімізді дамытқан кезде, тепе-теңдікте болған кезде, ресурстар болған кезде, жұбайымыз, отбасы, командамыз да – позитивке толы. Шындығында, әйелге көп нәрсе байланысты. Құдды бір қадам артта тұрған сияқтымыз. Егер осы жауапкершілікті алғымыз келсе, Отанымызға көптеген жағымды нәрселер бере аламыз, – дейді іскер әйел.

Қазіргі таңда,  кәсіпкер әйелдер көп. Көшбасшы әрқашан беру керек. Алға ұмтылудан қорықпау керек, мемлекеттің қолдауы өте үлкен. Ол үшін арнайы бағдарламалар жұмыс істейді. Елде білім де, мүмкіндік те баршылық.