Павлодар балабақшасында дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Павлодар балабақшасында дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды
Фото: Константин Шелков

Полиция сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында «Самал» оңалту орталығында тәрбиеші балаға дөрекілік көрсетіп жатқаны видеоға түсіп,  әлеуметтік желіде таралған. Бұл бейнебақылау жазбаларынан  орталықтың тәрбиешісі баланы қолдан ұстап, дөрекілік көрсетіп жатқанын көруге болады.

 «Самал» оңалту орталығында бұл жағдайды растап, бұл оқиға мамырдың 19 күні орын алғаны хабарлады.

– Шағымға қатысты ішкі қызметтік тексеріс жүргіздік. Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. Әкімшілік мәселені бақылауға алды. Топтарда қосымша бейнебақылау камералар орнатылды, – деп жауап берді орталықта.

Бұл ретте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да бұл жағдайды зерттеген еді. Альмира Дисюпованың сөзінше, бұл жағдай мүгедектігі бар балалар баратын топта емес, басқа, қалған балалар баратын топта орын алғанын жеткізді. Оның сөзінше, мүгедектігі бар балалар топтарында ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ. 

Облыстық полиция департаменті болған жағдайды зерттеп жатыр. 

– Аталған факті ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр,- деді департаментте. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Арсен Жакупов та оқиғаға назар аударып, бұл сұрақты бақылауға алатын болады.