Павлодарда тізе буындарын ауыстырған зейнеткер таяқсыз жүретін болды
Енді ол титан буындарымен жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
64 жастағы Анна Кириченко алты жыл бойы тізесі ауырып, үйінің бесінші қабатына түсіп-көтеріле алмай қиналған. Тек таяқтың немесе балдақтың көмегімен қозғалған. Емханада қаралғанда оған төртінші сатыдағы артроз диагнозы қойылған.
Бұл ауру жас келгенде, бірақ көбінесе жарақаттан кейін пайда болады. Мұндай диагнозды рентген арқылы көруге болады.
Зейнеткердің айтуынша, терапевт оның тізе буындарын тегін ауыстыруды ұсынған. Ол үшін жалпы қан анализін тапсырып, рентген өтіп, жолдама алып, операцияға кезек күту жеткілікті.
Анна Кириченкоға өткен жылдың шілде айында оң тізе буынына титан тілімше қою үшін алғаш рет ота жасауға тура келген. Облыстық емханада ота жасап, сол жерде екі оңалту курсын өткен. Сауықтырудың үшінші кезеңі тұрғылықты жері – Almaz Medical Group емханада өтті.
Көрсеткіштерге сәйкес, сол аяққа да эндопротездеу қажет болған. Бір жылдан кейін дәл сол хирургиялық араласуды сол аяққа қайталауға тура келді. Сондай-ақ сауықтырудың екі кезеңі облыстық ауруханада өтсе, қазір оған бекітілген емханада оңалтудың үшінші курсы тағайындалған.
– Науқас протездермен еркін жүре алатындай буындарын дамытып жатыр. Ол үшін ол әртүрлі жаттығулар жасайды. Сонымен қатар, Анна физиотерапия, магнитотерапия, лазерлік терапия және гало-камералық процедуралардан өтуде. Бұл қызметтердің барлығын бізден тегін алып жүр, – деп қосты Almaz Medical Group клиникасының оңалту дәрігері Раушан Әбілдинова.
Бүгінгі күні зейнеткер ешқандай көмексіз өз бетінше жүре алады.
– Қазір өзімді жақсы сезінемін. Енді балдақсыз, таяқсыз жүре аламын, қозғалғыштығым жақсарды. Ал титан тілімшелерімді мүлдем сезбеймін, – деді Анна Кириченко. – Осы клиниканың қызметкерлері маған үнемі кеңес беріп, көмек көрсетеді.
Анна Кириченкоға ота және оңалту міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша тегін жүргізілген. Эндропротездеу медициналық сақтанбаған тұрғындар үшін 1,5 миллион теңге тұрады, ал жеті күндік оңалту курсының құны жүз мың теңгеден асады.
Фото: Асия Серикова