Майқайың кенішінде автобустың дөңгелегі табылды
Шұңқырдың түбінде қосалқы гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында Майқайың кенішінде жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары жайлы ақпаратпен бөлісті.
– «Майқайың-алтын» АҚ аумағында гидравликалық балғамен экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін – дөңгелекті тапты,– деді аймақ басшысы.
Іздестіру-құтқару жұмыстар жалғасуда.
Еске сала кетейік, Майқайыңдағы оқиғаға жауаптылар анықталды. Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.