Май ауданында бұрын-соңды асфальты жоқ 9 көшеге тас жол салынады

Май ауданында бұрын-соңды асфальты жоқ 9 көшеге тас жол салынады

Оған облыстық бюджеттен арнайы қаражат бөлінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәлімдғуінше, жөндеу жұмыстары Көктөбе ауылының тоғыз көшесінде жүргізілуде. Ол қатарда Абай, Әбдірайымов, Әуезов, Бөкетов, Жангелдин, Мұқашев, Сәтбаев, Сыздықов, Торайғыров көшелері бар. Олардың жалпы ұзындығы 7,5 шақырымды қүрайды. Жобаның жалпы құны 267 миллион теңгеден асады.

Бұл көшелерде бұрын соңды асфальт болмаған. Мердігер әлі шешім қабылдаған жоқ, конкурс өткізілуде, - деп хабарлады аудан әкімшілігі.

Сонымен қатар, ауданда "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша Малайсары және Майтүбек ауылдарында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.