Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады
Алайда аптап ыстық әлі де сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 7 тамыз күні ауа темпаратурасы +24...+29°С көрсетеді. Жел солтүстік-шығыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін соғады.
8 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +11...+16°С болса, күндіз сынап бағанасы +25+30°С дейін көтеріледі.
9 тамызда күн ашық болады. Оңтүстік-шығыс бағытындағы жел секундына 7-12 метрге дейін соғады. Сынап бағанасы түнде +11...+16°С көрсетсе, күндіз +27...+32°С болады.
10 тамызда облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +13...+15°С болса, күндіз сынап бағанасы +25...+30°С, облыстың шығысында +33°С дейін көтеріледі.
Жұма күні облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде ауа райы +10...+15°С-қа дейін түсіп, күндіз +19...+24°С дейін жылынады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14, ал облыстың солтүстігінде 15-20 метрге дейін барады.
Сенбі және жексенбі күндері облыстың көп бөлігінде жауын жауып, күн бұзылады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытта секундына 9-14 метрге дейін соғады. Түнде ауа температурасы +8...+13°С дейін төмендеп, күндіз +20+25°С дейін көтеріледі.