Шарбақты әкімдігі колледждің жер телімін тартып алғысы келген
Аудан әкімдігі колледждің жерін тауар өндірушілерге бермек болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2014 жылы Шарбақты ауданы әкімдігінің қаулысымен аграрлы-техникалық колледжге жақын орналасқан ауданы 418 гектар жер телімі тұрақты пайдалануға берілген. Осы жер телімінде студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс тәжірибесі өткізілген болатын.
– Бірақ, 10 жыл өткеннен кейін аудан әкімдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жер телімін беру үшін бұрын қабылданған қаулыны жою туралы шешім қабылданған. Оқушыларға үнемі жүріп-тұруға қолайсыз, білім беру мекемесінен 10 шақырым қашықтықта орналасқан басқа жер телімін беру жоспарланған, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Осы және басқа да заң негіздемелеріне сәйкес жергілікті атқарушы органның заңға қайшы шешімі жойылды. Колледжге тиесілі жер телімі қайтарылды.