Балқаштың мамандары Майқайың кенішінде сканерлеу жүргізді
Сканерлеу жұмыстарына Балқаштан мамандар келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жұмыстар тәулік бойы ауыр техниканы қолдана отырып жүргізілуде.
7 қаңтарда «Богатырь Көмір» кәсіпорнынан кран орнатылды. Оның көмегімен «Алтыналмас АК» АҚ мамандары мен ТЖД құтқарушылары бос орындарды, металды немесе басқа да аномалияларды іздеу үшін пайда болған тереңдікке геосканерлеу жүргізді.
Бригада кранның көмегімен жерге түсті.
Бұған дейін іздеу жұмыстарына 134 адам, 37 машина, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылғаны хабарланған болатын.
Куәгерлердің суреті