Павлодарлық полицейлер демалыстағы балаларға пайдалы сабақтар өткізді

Павлодарлық полицейлер демалыстағы балаларға пайдалы сабақтар өткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар кәмелетке толмағандарға жеке қауіпсіздік ережелері және электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары туралы айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекті рет республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға барды.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері, жеке заттарының сақталуына жауапкершілік туралы әңгімелесті. 

Біз балаларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айттық. Балалар өздерін қаскөйлер тарапынан мүмкін болатын құқыққа қайшы әрекеттерден қалай қорғауға болатынын, жеке қауіпсіздік ережелері туралы, қандай жағдайларда полиция қызметкерлеріне жедел жүгіну қажет екенін, сондай-ақ жасөспірімдерге темекі және синтетикалық есірткіні шегудің зияны, электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары қандай болуы мүмкін, лудомания дегеніміз не және ол неге қауіпті екенін түсіндірді, – деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Облыс орталығындағы мектептердің балалары тәртіп сақшыларын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, оларға жауап алды.