Павлодарда екі BMW соқтығысты

Павлодарда екі BMW соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Салдарынан қыз зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек сағат 20:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен Толстой көшелерінің қиылысында екі BMW маркалы автокөлік соқтығысқан. 

–  Жол-көлік оқиғасы жайлы хабар сағат 20:15-те түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері төрт минутта жетті. Жол апаты салдарынан 22 жастағы қыз жарақат алған. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, –  деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде. 

Қалалық №1 ауруханада қызға бас-сүйек жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылып, амбулаторлық ем алуға жіберілді. 

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.