Павлодар прокуратурасы кәсіпкерлерге инвестиция тартуды жалғастыруға көмектесті

Кедергілердің кесірінен кәсіпкерлер жабдықтарды сатып ала алмай қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасы жер ресурстарын басқару басқармасының инвесторлардың бизнеске инвестиция салуына кедергі келтіретін негізсіз талаптарының жолын кесті.
– Мемлекеттік орган Екібастұз қаласындағы 600 миллион теңге көлемінде суару жүйесін салу жоспарланған екі инвестордың ауылшаруашылық жерлеріне шектеулер қойды, – деп түсіндірді прокуратура. – Ауыртпалықтар учаскелерді уақтылы пайдаланбау салдарынан салынды. Ал инвесторлардың инфрақұрылымды жүргізуге бағытталған шаралары жер инспекциясымен ескерілмеді.
Кәсіпкерлер уәкілетті органдарға бірнеше рет хабарласқан. Нәтижесінде бизнес субъектілері жабдық сатып алу үшін кредиттік қаражат тарту мәселесіне тап болды.
Облыс прокуратурасының бастамасымен мәселе инвесторлар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен фронт-офисінде қаралды.
Кездесу нәтижесінде жер учаскелеріне қойылған шектеулер жойылды.