Медина Күмісбек: HALYQ DAUYSY жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік берді
Жас әнші әлемге танымал әнші болуды армандайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
HALYQ DAUYSY халықаралық музыкалық фестивалінің жүлдегері Медина Күмісбек бұл байқаудың қызықты адамдармен танысуға жол ашқанын айтады.
– Үлкен сахнада өз өнерімді көрсетіп, жеңімпаз атану – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жоба HALYQ RADIOSY-мен тығыз байланыста болуға мүмкіндік берді. Осындай керемет байқауды өткізген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді жоба жүлдегері.
14 жастағы жергілікті жас әнші бұған дейін Халықаралық «Жемчужина Востока», «Серебрянный Дельфин», «Рождественские Звезды» сайыстарының бірінші орын иегері және «Планета Искусств» байқауының Бас жүлдегері атанған.
– Кішкентай кезімнен бастап әні айтуға деген қызығушылық болды. Талантымды алғаш рет балабақшадағы тәрбиешілерім мен ата-анам байқаған. Көбінесе қазақтың халық әндерін орындаймын. Сонымен қатар әлемдік және эстрадалық әндерді орындағанды ұнатамын, – дейді әнші.
Ол болашақта әлемдік деңгейдегі үлкен сахналарда өнер көрсетіп, әлемге танымал болуды, өзі қалаған мамандық бойынша жоғары оқу орнында оқып, бүкіл әлемге саяхат жасауды армандайды.
Еске сала кетейік, Медина Күмісбек «HALYQ RADIOSY» 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған «HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық фестивалінде 500 мың теңгелік серификатты жеңіп алған болатын.
Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы