Екібастұзда балабақшадан өрт шықты

150 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстқы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымда сағат 13:57-де Екібастұз қаласының № 1 балабақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шықты. Кабинетте қысқа тұйықталу орын алғаны анықталды. Екі шаршы метр аумақта жиһаз өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын болдырмады, – деді департаментте.
Сағат 14:17-де өрт толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін мекеме қызметкерлері 150 бала мен 36 қызметкерді эвакуациялады. ТЖД бөлімшелері қосымша 19 бала мен 2 қызметкерді эвакуациялады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.