Павлодарда саяжайда жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды
83 жастағы зейнеткерді саяжайдан тауып алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сараптама өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бәлкім, оқыс жағдай болуы, ағаштан құлап кетуі немесе денсаулығы сыр беруі мүмкін. Нақты себебін білмейміз, – дейді Vita еріктілері.
Еске сала кетейік, 1940 жылы туған зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабарлама 26 маусымда түскен.
Қанатбек Жабықбаев күнде «Металлург» бағбаншылығына саяжайға барып жүрген, алайда шамамен сағат кешкі алтыда телефон қоңырауына жауап бермеген соң туыстары алаңдай бастаған.
VITA еріктілері, полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету жасағы, туыстары, отбасы, достары мен белсенді тұрғындар жоғалған қарияны іздестірген.