Баянауыл қорығында шыққан өрт ауыздықталды

Баянауыл қорығында шыққан өрт ауыздықталды

Жалын жалпы аумағы 4,7 гектар жерді шарпыды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 6:55-те тартылған күштер мен құралдардың қолданылған шараларының арқасында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы өрт жойылды. Өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болды.

- 6 шілдеде сағат 16:10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ашық алаңда құрғақ шөптер мен бұталардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 6 қызметкер мен бір техника, орман шаруашылығынан 23 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, 7 техника мен бір ұшақ тілсіз жауды ауыздықтауға шықты, - делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.