Қызылорда – Павлодар автожолында автокөлік бағанға соғылды

Үш адам зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурыз күні сағат 11:45-те апаттар медицинасы орталығы филиалының «Қалқаман» ТМҚК шұғыл ден қою бригадасы Құлақөл ауылының маңындағы Қызылорда – Павлодар автожолындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама бойынша жедел шақыруға шықты.
– Соқтығысу нәтижесінде жеңіл автокөлік бағанға соғылып, кюветке шығып кетті. Медицина мамандары сол жерде зардап шеккен үш адамға көмек көрсетті. Олардың бірі әрі қарай бақылау үшін ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді.