Наурыз мейрамын павлодарлықтар қалай атап өтеді?

Наурыз мейрамын павлодарлықтар қалай атап өтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығының әр ауданында киіз үйлер бой көтереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары! Сіздерді 21-22 наурыз күндері тойланатын Наурыз мерекесіне шақырамыз, - делінген хабарламада.

21 наурыз күні сағат 11:00-ден бастап қаламыздың шағын аудандары мен ауылдық жерлерінде Наурыз мерекесін тойлауды бастаймыз

  «Бірлік» ауылы – Ткачев көшесі, 15

  «Ынтымақ» ауылы – 2 Павлодар

   «Ырыс» ауылы – Генерал Дүйсенов көшесі, 105

   «Қуаныш» ауылы – Металлургтер саябағы

   «Мереке» ауылы – Сұрағанов көшесі, 3

   «Табыс» ауылы – Қамзин көшесі, 67/1

   «Молшылық» ауылы – Жаңаауыл көшесі, 6/1

   «Бақыт» ауылы – Кленовая көшесі, 77/1

   «Жайлау» ауылы – Торговая көшесі, 2а

   "Татулық" ауылы – Назарбаев даңғылы, 309

   «Балалық шақ» ауылы – Қамзин көшесі, 33

   «Шаттық» ауылы – Ворушин көшесі, 6/2

   «Думан» ауылы – Назарбаев даңғылы, 41

   «Көктем» ауылы – Айманов көшесі, 51

   «Шабыт» ауылы – Академик Шөкин көшесі, 90

   «Береке» ауылы– Сәтбаев көшесі, 36

   «Саулық» ауылы – Сәтбаев көшесі, 350/5

Сонымен қатар, Кенжекөл, Атамекен, Павлодар, Жетекші ауылдарының орталық алаңдарында («Сыйластық» ауылы).

Наурыз мейрамының басты мерекелік шарасы 22 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың орталық алаңында өтеді.

Мерекелік бағдарлама аясында Сәтбаев көшесі бойында киіз үйлер қалашығы және 10 көрме киіз үйі ұйымдастырылады. Қайырбаев көшесі бойында балалар және спорт алаңдары ұйымдастырылады. Сәтбаев пен Қайырбаев көшелерінің қиылысында шөптен жасалған композициялар (жылқылар мен лабиринт) қойылады. Кривенко көшесінде сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтеді, ал Астана көшесі бойында сауда қатарлары ұйымдастырылады.

Наурыз думан Қазақстан эстрада жұлдыздары TURAN тобы,  YENLIK және Қайрат Нұртастың қатысуымен өтетін мерекелік концертпен жалғасады.

Көктемнің жаңаруын, халықтық дәстүрлер мен көңілді мерекелік атмосфераны бірге сезінейік!

Сіздерді біздің мерекемізде күтеміз!