Ораза: Павлодарда аузы берік жолаушыларға арналған акция өтеді

Ораза: Павлодарда аузы берік жолаушыларға арналған акция өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайырымдылық шарасы трамвайларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Игі бастаманы Павлодар трамвай басқармасының ұжымы қолға алып отыр. Акция барысында трамвай ішінде жолаушыларға су ұсынылып, мерекеліп көңіл-күй сыйлау жоспарланған.

Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды Назарбаев даңғылы бойымен жүретін трамвайларда күтеді.

Шара Иса Байзақов атындағы филармония аялдамасынан бастау алады. 

Акция  аузы берік жолаушыларға ауызашар уақыты кірген кезде қолдау көрсету мақсатында өткізілуде, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, игі бастама бүгін яғни 13 наурыз күні сағат 16:00-де басталады.