Павлодарда көлік айдап келе жатқан тұрғын қайтыс болды

Павлодарда көлік айдап келе жатқан тұрғын қайтыс болды
Фото:pixabay.com

Оның жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жазатайым оқиға Астана мен Лермонтов көшелерінің қиылысында орын алды. Куәгерлер көліктердің бірі кенеттен жолдың ортасында тоқтағанын байқады.

– Ер адам көлік жүргізіп жатқанда кенеттен есінен танып қалды. Алдын ала болжам бойынша жүрекпен проблема болды. Жол-көлік оқиғасы болған жоқ, жүргізуші тоқтап үлгерді, ешкім зардап шеккен жоқ, – деп хабарлады полиция департаментінде.

Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.