Ойыннан от шықты: Павлодарда ойын приставкаларын жалға алған ер адам қамалды

Ойыннан от шықты: Павлодарда ойын приставкаларын жалға алған ер адам қамалды
Фото:pixabay.com

Сотта алаяқ өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны 2024 жылдың ақпан айында «ОLХ» сайтында ойын приставкасының жалға беру туралы хабарландыруды көрген. Ол «Sony PlayStation 5» құрылғысын екі тәулікке 11 мың теңгеге жалға алып, иесіне қайтармаған. Екі күннен кейін ер адам айласын тағы да іске асырғысы келіп, екінші жәбірленушіні тапқан. Ол жасөспірім баладан «Sony PlayStation 4» құрылғысын бір күнге 3500 теңгеге жалға алған. Наурызда да дәл осындай жолмен басқа жасөспірімді алдаған. Жалпы залал сомасы – миллион теңгеге жуық.

Кейін ойын приставкаларын жалға берген адамдар полицияға арызбен жүгінген. Ер адамға ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша айып тағылды.

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен 33 жастағы тұрғынға үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады.