Павлодарда үш автобус жүру бағытын уақытша өзгертеді

Павлодарда үш автобус жүру бағытын уақытша өзгертеді

Бұл өзгеріс шамамен 23 күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, жүру бағытын өзгерткен қоғамдық көліктер № 18, 66, 126 автобустар.

- 8-31 маусымы аралығында кәріз коллекторын қайта құруға байланысты Катаев-Назарбаев даңғылымен шекаралас Толстой көшесі бойымен автобус қозғалысы шектеледі, - делінген хабарламада.

Көше бойымен батыстан шығысқа қарай жылжыған кезде №18 автобус оңға Естай көшесіне бұрылады. Әрі қарай, солға Толстой көшесіне бұрылады, әрі қарай бұрынғы бағыт бойымен.

"Ажар" соңғы аялдамасынан қозғалғанда Шевченко көшесі бойымен тура қозғалады кейін оңға Катаев көшесіне бұрылады, одан соң солға Естай көшесіне кіреді әрі қарай бағыт бойынша. Катаев көшесіндегі аялдама павильондарына аялдайды.

Көше бойымен батыстан шығысқа қарай жылжыған кезде №66 автобус  Ак.Шөкин көшесінен солға Назарбаев даңғылына бұрылады және бағыт бойынша. Кері қарай осы бағыт бойынша.

Көше бойымен шығыстан батысқа қарай жылжыған кезде №126 шағын автобус бағыт Толстой көшесіне, оңға Катаев көшесіне бұрылады. Одан әрі солға Естай көшесіне бұрылады, әрі қарай сол жаққа И.Байзақов көшесіне және оңға қарай бұрылып Толстой көшесіне түседі. Әрі қарай бұрынғы бағыт бойынша жүреді.