Павлодарға ауыр анемияға шалдыққан әйел санавиациямен жеткізілді

Науқас ТЖМ тікұшағымен тасымалданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданының тұрғынына бейінді маманның шұғыл медициналық көмегі қажет болды. Сол себепті бортта мобильді бригадасы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы медициналық авиация желісі бойынша кезекті тасымалдауға шықты.
– Облыс орталығында 1977 жылы туған науқасты медициналық авиацияның реанимобилі күтіп алып, емдеу мекемесіне жеткізді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Әйел адамға ауыр дәрежедегі созылмалы апластикалық анемия диагнозы қойылды. Науқасты Павлодарға Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізді, реаниматолог және медбике бірге жүрді.