Павлодарлық кардиологтар пілдің тұмсығын қолдануды үйретеді
Еліміздің әртүрлі өңірлерінен мамандар келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
11-12 сәуірде Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы «Қолқа доғасы хирургиясындағы заманауи тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізеді.
Шеберлік сағаты шеңберінде «Пілдің мұздатылған тұмсығы» әдістемесі бойынша қолқа доғасын ауыстыру операциялары жасалады.
Республикалық және өңірлік кардиологиялық орталықтары мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. Сондай-ақ, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті ұйымдастырудың өзара әрекеттесуі жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады.