Павлодарға Назиманың орнына кім келетіні белгілі болды
![Павлодарға Назиманың орнына кім келетіні белгілі болды](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202309/image_750x_65017bed603f6.jpg)
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі маусымның жабылуына келетін әншінің есімін жария етті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
– «Ertis Promenade» сахнасының жабылу маусымы жақындады. Жаз айлары бойы өздеріңізбен бірге болғанымызға қуаныштымыз. Әлі де қызықты да, шуақты концерттердің куәсі боламыз деген ойдамыз. 16 қыркүйек күні сағат 19:00-де өтетін маусымның жабылуында Мона Сонгз есімімен танымал Манарбек Жұматай өнер көрсетеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы концерттер маусымының жабылуына Назима келетіні туралы хабарланған болатын. Алайда кейін әнші теледидар жобасына қатысуға келісім бергеніне байланысты келе алмайтыны туралы видеохабарлама жариялады.