Павлодардың қай шағын аудан мен саябағында киіз үйлер тігіледі?

Олардың ішіне кіріп, дәм татып көруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
21 наурызда халық көп жиналатын шағын мөлтек ауданда, саябақта, көшелерде киіз үй орнатылады. Киіз үйлер өзара жақын құрылады. Қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, бұл адамдардың алыс жүрмей, жақын маңдағы киіз үйге кіріп шығуға қолайлы болу үшін жасалады.
Ұлттық безендірудің көркі мен қонақжайлықтың үлгісін 20 алаңда тігілетін киіз үйлерден көруге болады:
– «Бірлік» ауылы, Усолка шағын мөлтек ауданы, №42 ЖОБ;
– «Ынтымақ» ауылы, Екінші Павлодар, сквер по улице Литвинов көшесіндегі саябақ;
– «Ырыс» ауылы, Қалалық саябақ;
– «Қуаныш» ауылы, Гагарин саябағы;
– «Мереке» ауылы, Сұрағанов көшесі, 3 мекенжайы;
– «Табыс» ауылы, «Greenwich» СҮ, Қамзин көшесі, 67/1 мекенжайы;
– «Молшылық» ауылы, Жаңауыл шағын ауданының клубы;
– «Бақыт» ауылы, Железнодорожников ауылының клубы;
– «Жайлау» ауылы, «Жайлау» нарығы, Торговая көшесі, 2а мекенжайы;
– «Татулық» ауылы, Достық шағын ауданы;
– «Балалық шақ» ауылы, «Детвора» балабақшасы, Қамзин көшесі, 33 мекенжайы;
– «Шаттық» ауылы, Зеленстрой шағын ауданы, №37 ЖОБ;
– «Думан» ауылы, «Артур» СҮ;
– «Көктем» ауылы, Химқалашық, №16 ЖОБ;
– «Шабыт» ауылы, № 9 ЖОБ;
– «Сыйластық» ауылдары Павлодар, Жетекші, Мойылды, Кенжекөл, Атамекен ауылдарында.
Аталмыш алаңдарда мерекелік тойлау сағат11:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады. Белгіленген орындарда дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрсетіледі және спорттық ойындарға қатысуға болады.
Айта кетейік, биыл 22 наурыз өзгеше тойланады. Алғаш рет наурызға арналған мерекелік бағдарлама күндіз де, кешке де өткізіледі. Қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетіп, бауырсақтар таратылады.