Павлодарға Төтенше жағдайлар вице-министрі жұмыс сапарымен келді
Рамиль Камалов өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциясының жұмысын тексеріп, салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Вице-министр Павлодардағы өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесіне қатысты нысандардың құрылыс барысын қарап, жобалардың жүзеге асырылуын бағалады.
– Сапар аясында департамент басшылығы мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Онда бөлімшелердің қызметі, инфрақұрылымды дамыту және төтенше жағдайларға әрекет ететін күштер мен құралдардың дайындығы талқыланды, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде.
Кеңес қорытындысы бойынша Рамиль Камалов қойылған міндеттерді уақтылы орындау, белгіленген мерзімдерді сақтау және өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.