Павлодар қаласының әкімі азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырады

Кездесу барысында ол үш шағын ауданды аралайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, 2025 жылы 28-30 шілде аралығында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековпен тұрғындардың кездесулері өтеді. Тұрғындар өз сұрақтарын тікелей қала басшысына қоя алады.
28 шілде күні сағат 17:00-де әкім Достық шағынауданындағы Қамзин көшесі, 346 мекенжайындағы №21 орта мектепке келеді. Келесі күні Зеленстрой шағынауданындағы Ворушин көшесі, 6/2 мекенжайы бойынша орналасқан №37 мектепте жиын сағат 17:00-де өтеді. Көшпелі қабылдаудың соңғы күні Лесозавод ықшамауданындағы Баян батыр көшесі, 27-үйдегі №30 мектепте өтпек.
Айта кетейік, Хасар Хабылбеков 31 шілде күні сағат 11:00-де Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында халықпен қорытынды кездесу өткізеді.