Сенбі күні Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Үш ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, 13 қаңтарда Торговая көшесі, 2А құрылысында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандары, Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері келеді. Еттің барлық түрі, картоп пен көкөніс, шикі сүт арзан бағамен сатылады.
Тауық жұмыртқасымен жергілікті «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС құс фабрикалары қамтамасыз етеді.
Ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі бағалар:
сиыр еті - 1700-2100 теңге/кг, қой еті -1900-2100 теңге/кг, жылқы еті - 2300-2500 теңге/кг, шошқа еті - 1600-1800 теңге/кг, шикі сүт - 200 теңге/литр, картоп, сәбіз, пияз - 90 теңге/кг, қырыққабат -110 теңге/кг және т.б. өнімдер.