Павлодар қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды

Павлодар қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды
Фото: Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа қызметке «Горкомхоз тұрғын үйді жаңғырту» ЖШС-ның бұрынғы директоры тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімінің өкімімен Мұратхан Сыздықов қалалық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Оның жасы 39-да. 2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Торайғыров атындағы университетті бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы «Каскад-Павлодар» ЖШС директоры болып бастады. 2017 жылы ЖК «Байбулов» заңгер қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары «ҚазАгро» ЖШС директоры болып еңбек етті. 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Горкомхоз тұрғын үйді жаңғырту» ЖШС директоры болып қызмет етті.