Павлодар ауданынан «Таза Қазақстан» акциясы аясында мың түп көшет отырғызылды
Акцияға төрт мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 сәуірде Павлодар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан әкімі Дидар Ибраевтың қатысуымен Бірыңғай көгалдандыру күні ұйымдастырылды.
«Жасыл апгрейд» экологиялық қозғалысы ұранымен білім беру ұйымдарының аумақтарына 1000 түп көшет отырғызылды.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, акцияға шамамен 3900 адам — оқушылар, ата-аналар және педагогтер қатысты. Іс-шара ауданның барлық мектептерінде бірыңғай форматта өтті. Салтанатты ашылудан кейін қатысушылар мектеп аумақтарына ағаш көшеттерін отырғызуға кірісті.

– Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және өскелең ұрпақты туған өлкені абаттандыруға тарту, - дейді білім бөліміндегілер.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тек аумақтарды көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар қоғамның тазалық пен қоршаған ортаны сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.