Павлодар ауданында чипс картобын жинау жұмыстары аяқталуға жақын

Павлодар ауданында чипс картобын жинау жұмыстары аяқталуға жақын
Фото: Амина Жеңіс

«Агросоюз» фермерлік шаруашылығы көкөністі 500 гектарлық жерге өсірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олардың 30 гектары сәбізге арналса, 170 гектарына шомыр егілген. Бұл көкөніс топырақты құнарландыру мақсатында қолданылады.

Шаруа қожалығының басшысы Сергей Тилиннің айтуынша, қазіргі уақытта 470 гектарлық аумақтан картоп жиналды, оның ішінде 70 гектар чипстік сұрыптарға арналған.

Біз 2017 жылдан бері америкалық «PepsiCo» компаниясымен жұмыс істеп келеміз. Чипс дайындауға арналған картоптың Ньютон (Newton) және VR 808 сұрыптатып егеміз. Бұл сорттардың құрамында крахмал мөлшері жоғары, ал қант мөлшері төмен, деді «Агросоюз» шаруа қожалығының басшысы Сергей Тилинин.

Картопты жинау үшін «Агросоюзға» тағы бір апта қажет, содан кейін сәбіз жинау жұмыстары басталады.

Егіс алқаптарында бес картоп жинайтын және үш сәбіз жинайтын комбайн жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында «Ақтоғай АГРО» ЖШС чипс, снэк және картоп ұнын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін шикізатты өңдеуге дайын. Жобаның жалпы құны үш миллиард теңгеден асады, оның 660 миллион теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты.