Павлодар ауданында күнбағыс кептіргіштен өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 пультіне Набережное ауылындағы серіктестіктердің бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Күнбағыс тұқымын кептіруге арналған астық кептіргіш жанған.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері мен Чернорецк ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің күштері жіберілді. Құтқарушылар өртті жедел сөндірді. Оның шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖД тұрғындар мен кәсіпорын қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Өрт байқалған жағдайда 112 немесе 101 нөміріне дереу хабарлау қажет.