Павлодарда ұлттық ұлан сарбаздары іздеуде жүрген заңбұзушыны ұстады

Ол сарбаздарды көріп, қаша бастаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 21:00 шамасында Сұрағанов көшесінде ер адам сарбаздарды көре салысымен артқа бұрылып, қозғалысын тездеткен.
- Мұны байқаған ұлттық ұлан сарбаздары күдіктеніп, ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді, - деді баспасөз қызметінде.
Нәтижесінде ер адамның ҚР Қылмыстық Кодексінің 187-бабы 1-бөлігі - ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша іздеуде жүргені анықталды.