Павлодарлықтарды Астана күнімен Аdam құттықтайды

Павлодарлықтарды Астана күнімен Аdam құттықтайды
Фото: adamofficia1

Кеште эстрада жұлдызы өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алтыншы шілде күні сағат 19:30-да Ertis Promenade сахнасында Астана күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылмақ. 

Концерттік бағдарламада Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистері өнер көрсетеді. Кеш қонағы – қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Аdam.

Айта кету керек, концерттен кейін сіздерді «HUDSON» түнгі клубынан мерекелік би кеші күтеді.