Май ауданында жол апатында алты адам зардап шекті
Оларды түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 16 желтоқсанда Көктөбе ауылындағы жол қиылысының бірінде екі көлік соқтығысқан. Салдарынан 29 және 55 жастағы ер адамдар зардап шекті.
Ал 18 желтоқсанда Көктөбе ауылының маңындағы трассада жол-көлік апаты орын алды. Жедел жәрдем түрлі жарақат алған 60 жастағы ер адам, 38 жастағы және екі 56 жастағы әйелдерді ауруханаға жеткізді.
Облыстық полиция департаменті аталған фактілер бойынша тергеу жүргізуде.