Павлодар ауданында мектеп автобустары тексерілді

Павлодар ауданының жол және техникалық инспекциясы тобының қызметкерлері оқушыларды тасымалдайтын он автобусты қарап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Тексеру бірқатар кемшіліктерді көрсетті, барлық бұзушылықтар бойынша актілер жасалды. Егер оқушыларды ақауы бар автобустар тасымалдайтын болса, оқу орындарының басшыларына жеке жауапкершілік туралы ескертілді. Сонымен қатар, жүргізушілерге көлік жүргізу қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы нұсқау берілді, – деп нақтылады полиция департаментінде.
Тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жай-күйін, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуын тексерді. Сондай-ақ дыбыстық және жарық сигналдарының жарамдылығын, қауіпсіздік белдіктерінің жұмыс істеуін тексерді.