Павлодарда қазақ тілін тегін оқыту курстары 1 қазанда басталады
Оқу барысында оқу құралдары, «Ана тілі» мобильді қосымшасы тегін беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырады.
– Үш айлық курстар ағымдағы жылғы 1 қазаннан басталады. Оқу барысында оқу құралдары, «Ана тілі» мобильді қосымшасы тегін беріледі. Сабақтар аптасына екі рет тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Курс интерактивті тапсырмалар, тесттер, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы қызықты болмақ.
Курсқа 65-23-63, 87054108821; 87058666479 (WhatsApp нөмірі) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады. Курсқа қатысуға ниетті тұрғындар өз аты-жөнін, WhatsApp байланыс нөмірін және жұмыс орнын көрсетуі тиіс.