Павлодар ауданында сұлулық байқауы өтеді

Павлодар ауданында сұлулық байқауы өтеді
Фото: pixabay.com

Аудан сұлулары байқауға шақырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, 11 наурыз күні сағат 15:00-де «Көктем аруы – 2024» атты арулар сайысы ұйымдастырылады.

Толық ақпарат алу үшін @jbdo_olzha «Instagram» парақшасына немесе +7(777)270-02-51 нөмірі бойынша WhatsApp желісіне жазуға болады.