Павлодар облысында наурыздың соңғы күні ашық болады

Павлодар облысында наурыздың соңғы күні ашық болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 31 наурызда облыста күндіз ауа температурасы +11...+16°С, түнде 0…-5°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -3...-5°C, күндіз +13...+15°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынсыз болады.