Павлодар облысында ажырасқандар саны азайды

Павлодар облысында ажырасқандар саны азайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Былтыр жаңа отбасы құрғандардың саны ажырасқандарға қарағанда едәуір артты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыс бойынша филиал директорының орынбасары Рахат Қошанов мәлім етті. 

– 2023 жылы 2405 неке тіркеліп, 498 жұп некесін бұзған. Сондай-ақ, 4660 туу мен  3393 өлімді тіркеуге өтініш түскен, – деді Рахат Қошанов. 

Павлодарлықтар ыңғайлы болу үшін тууды тіркеу, неке қию сияқты қызметтер проактивті форматта қолжетімді. Қызмет көрсетуге өтінімдерді смартфон арқылы екінші дәрежелі банктың мобильді қосымшаларымен беруге болады.

Айта кетейік, АХАТ бөлімдері функциясы 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорацияның филиалына ауыстырылды. АХАТ функциясы берілген сәттен бастап КЕАҚ-ға 22 492 мемлекеттік қызмет көрсетілді.