Павлодар облысының әкімі: Ардагерлерді ұлықтау – біздің қасиетті борышымыз

Павлодар облысының әкімі: Ардагерлерді ұлықтау – біздің қасиетті борышымыз
Фото: Валерий Бугаев

Аймақ басшысы Асайын Байханов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы Павлодар қаласында тұратын ардагерлермен кездесіп, мерекемен құттықтады. Ерліктері үшін алғыс айтып, қаһармандарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

–  Майдан даласында қаза тапқан және әлі жанымызда жүрген ардагерлерді ұлықтау – біздің қасиетті борышымыз, – деп атап өтті Асайын Байханов.

Жастары ұлғайғанына қарамастан ардагер  ата-әжелер әлі тың және Жеңістің 80 жылдығын қарсы алуға үмітті. Бүгін олардың әрқайсысы майдан күндері мен соғыстан кейінгі еңбек жылдарын еске алды. 

Бейбіт өмір мен тұрақтылық сыйлаған ардагерлердің қатары жыл сайын сиреп келеді. Қазір облыс аумағында 12 ардагер болса, олардың  жетеуі Павлодар қаласында тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)