Павлодар ауданының ауылдық округтері қоқыс орындары үшін ескерту алды
Бұл аймақ ең ластанған болып саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл сайын «Қазақстан Ғарыш Сапары» Павлодар облысында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары бойынша мониторинг жүргізеді. 5 тамыздағы жағдай бойынша геопортал мәліметтер базасына өңірде 127 заңсыз қалдықтарды сақтайтын орын анықталды. Ең лас аймақтарға Павлодар қаласы мен Павлодар ауданы кіреді.
– Биыл біз Павлодар ауданындағы алтыға жуық ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасадық. ҚР Экологиялық кодексінің 365-бабына сәйкес олар қоқыс орындарды жоюға міндетті, – деп түсіндірді Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Болат Темірболатов.
Оның айтуынша, бұл мәселе шешілмей жатыр.
– 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қоқыс орындарын жою жөнінде бірқатар тапсырма берді. Бұны жергілікті атқарушы органдар да жүзеге асырады деп күтілуде. Бірақ аудан, қала әкімдерінің далада жиналып қалған қоқыстарды жою бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары қанағаттанарлықсыз болып табылады. Қоқыс алаңдарын жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар іс жүзінде жүргізілмей отыр, – деді Болат Темірболатов.
Экологиялық инспекторлардың құзыреті аз болғандықтан, олар тек полиция және прокуратурамен бірлесіп, әкімдіктерге хабарлай отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл сала алады. Айыппұл мөлшері 50-ден 200 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін.
Сондықтан инспекторлар жергілікті әкімшіліктерге құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп, осындай жерлерге патруль немесе қоршау орнатуды ұсынып отыр.
Айта кетерлігі, облыста үнемірейд немесе геопорталдағы спутниктік фотосуреттер арқылы мониторинг жүргізілуде.