Павлодар ауылының 17 көшесіне асфальт төселеді

Павлодар ауылының 17 көшесіне асфальт төселеді
Фото ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда оннан астам көшеде жұмыс аяқталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов тұрғындармен кездесуде айтты.

- Бүгін Павлодар ауылының тұрғындарын толғандырған мәселелерді талқыладық. Елді мекенді абаттандыру мәселесі ерекше қызығушылық тудырып отыр. Биыл 17 көшені асфальттау жоспарланған болса, жұмыстар 11 көшеде аяқталды. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындары жасанды жол кедергілерін орнатуды сұрады. Ауыл әкіміне жергілікті полиция қызметімен бірлесіп аталмыш мәселені пысықтауды тапсырдым, - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, шеткі аудандарда ұялы байланыс сапасының төмендегін айтылды. Оған облыс орталығының әкімі операторлармен қамтуды ұлғайту үшін байланыс антенналарын кезең-кезеңімен орнатуды тапсырды.

- Кездесуде қоқыс үйіндісі туралы да сөз болды. Тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды жергілікті әкімге тапсырдым. Жұмыс барысын бақылау тұрғындар арасынан бастамашыл топтың қатысуымен жүру керек, - деді қала басшысы.

Кездесуде көтерілген әр мәселе бақылауда болады.