«Павлодар дауысы» дарынды жастарды іздейді

«Павлодар дауысы» дарынды жастарды іздейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық вокал байқауына 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар дауысы» – өзіңізді білдіру, жаңа адамдармен танысу және ұмытылмас тәжірибе алу мүмкіндігі. Қазылар алқасы әр қойылымды бағалайды, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді.

– Бұл байқау әншілік қабілеті мен вокалдық қабілеттерін көрсетуге ынтасы бар жастарға арналған. Өтінімдер  20 қазан -15 қараша аралығында қабылданады, – дейді ұйымдастырушылар.  

Толық ақпарат алу үшін +7 778 679 2217 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Мекенжайы: Жастар бастамаларын дамыту орталығы, Ломов көшесі, 38.