21 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнде ауа температурасы 0...+5°С, күндіз +8...+13°C көрсетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Павлодарда түнде 0...+2°C, күндіз +10...+12°C болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұлтты, жаңбырлы болады.