Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ет, сүт, жұмыртқа, бал және көкөністер қолжетімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 12 шілде күні Торговая көшесі, 2А мекенжайында, яғни Космонавтар мен Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Жәрмеңкеде сиыр еті 2300 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, қой еті 1900-2100 теңге, шошқа еті 1800-2000 теңге, 1 санатты жұмыртқа 380 теңге (ондық), сүт 250 теңге (литр), бал 2000-2500 теңге және картоп 120 теңгеден сатылады.

Мұндай жәрмеңкелер әр сенбі сайын Екібастұз қаласында («Народный» дүкені), Ақсу қаласында («Saryarqa» фермерлік базары) және облыстың 10 ауданында өткізіледі.