Павлодар География үйінде «жайлы кеш» өтті
Шара жыл басынан бері төртінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесу «QazaqGeography» аймақтық өкілдігі ПавГео кеңсесінде өтті.
– География үйі «жайлы кештерді» көптен бері жоспарлап келеді. Пандемияға дейін апта сайын кездесулер өтіп тұратын. Өткен күзде олар дәстүрді қайтаруды ұйғарды, – дейді География үйінің директоры Александр Вервекин.
Жиналғандар Қаздар қонысының болашағын талқылады. Республикалық маңызы бар осынау табиғат ескерткішінің мәселесін зерттеп жатқан сараптамалық топ өз пікірін білдірді. Сонымен бірге, кеште өңірлік кәсіпкерлік пен ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
«Жайлы кештер» екі апта сайын өтеді.