Павлодарда істі болған азаматқа жаңа өмір бастауға көмек көрсетілді

Ол енді жұмысқа орналасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығына біраз уақыт түрмеде болған Сергей есімді қала тұрғыны хабарласқан.
Орталықта оған баспана беріліп, жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, құжаттар қалпына келтірілді. Ер адамға психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін оны жұмысқа оқуға жіберген. Ол оқуды бітіргеннен кейін құрылыс компаниясына жұмысқа орналасты.
– Сергей орталықтың көмегінің арқасында өмірін жаңадан бастады. Ол соттылықтан кейін де толыққанды өмірге оралуға болатынын көрсетіп, әлеуметтенудің үлгісі болды, – деді Павлодар қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.
Көмек алу үшін Космонавтар көшесі, 1/50 мекенжайына немесе 8 (7182) 62 30 68 телефон нөміріне хабарласуға болады.