Павлодар географиясы бойынша екінші хрестоматия жарық көрді

Павлодар географиясы бойынша екінші хрестоматия жарық көрді

Кітаптың шығуына "Қазақстан алюминийі" АҚ демеушілік етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жаңа оқу құралын белгілі өлкетанушы-тарихшы, Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қайраткері және Павлодардың Құрметті азаматы Эрнест Соколкин дайындаған.

Бұл жинақтың екінші бөлімі Павлодар география үйі өзінің белсенді мүшесі және оқытушысы болған Эрнест Соколкин өмірден өткеннен кейін жарық көрді. Облыстың географиясын танытатын жинақтың алғашқысы алты жыл бұрын басылып шыққан.

Павлодар география үйінің білім беру жобаларының тұрақты серіктесі және демеушісі "Қазақстан алюминийі" АҚ  көмекке келді. Компанияның қолдауының арқасында 500-ден астам дана жинақ жарықты көрді. Эрнест Соколкиннің кітап мұраларын өлкетану әуесқойлары қоғамдық, оқу және ғылыми кітапханаларда, мұражайлар мен мұрағаттарда таба алады.

– "Павлодар қаласының географиясы бойынша Хрестоматия" қазақстандық Ертіс өңірін зерттейтін оқырмандардың көпшілігіне қызықты болады. Бұл ішінара саяхатшылар, географтар және басқа зерттеушілер жинаған тарихи құжат, – дейді Павлодар география үйінің директоры Александр Вервекин. - Хрестоматияға Эрнест Дмитриевичтің 40 жыл бойы кітапханаларда, мұрағаттарда, энциклопедияларда, анықтамалықтарда және үш ғасырдағы мерзімді баспасөзде жинаған үзінділері кірді. Оның ішінде Павлодар тарихы, экономикасы және мәдениеті бойынша автордың 20 жарияланымы да бар.

Кітаптың тұсаукесері С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада "Кітапхана түні-2023" күзгі vibe "  шарасында 19 қазан күні сағат 17:30-да болады.