Павлодарлықтарға достар табуға көмектесетін жоба іске қосылды

Павлодарлықтарға достар табуға көмектесетін жоба іске қосылды

Қала тұрғындары үшін жанды кітапхана форматында кездесулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Skills Map» жобасы іске қосылды. Қала тұрғындары үшін жанды кітапхана форматында кездесулер өтеді. Спикерлер – әртүрлі саладағы мамандар. Олар пайдалы кеңестер беріп, қызықты әңгімелер айтатын болады.

Кездесулердің бірі Отан Қорғаушылар күні қарсаңында өтеді. Павлодарлықтармен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған полиция қызметкері Дастан Сүлейменов, каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Станислав Базилевич және кәсіпкер Владимир Ключников тәжірибе алмасады.

–  Сіз өзіңізге жаңа достар, кітаптардың жаңа жанрларын және де жаңа білім ала аласыз. Достарыңызды алып, іс-шараға келіңіздер, – деді кездесуді ұйымдастырушылар. 

«Жанбы кітапхана» 3 мамырда сағат 16:00-де Ломов көшесі, 38-де өтеді.